Болашақ құтқарушылар
Өскемендік Айтөре мен Макар құтқарушылардың жұмысын көрді.
Екі баланың ата-анасы төтенше жағдайлар департментіне хабарласып, екеуінің осы қызметке қызығушылығын жеткізген. Сөйтіп жаңа жыл қарсаңында балалардың арманы орындалды.
Құтқарушылар оларды жол талғамайтын көлігіне отырғызып, қыдыртты. Одан бөлек, кішкентай қонақтар кинологтардың жұмысын көріп, ит үйретудің қыр-сырымен танысты.
Айтөре Садықбек, оқушы:
- Бүгін мен Хит деген итпен таныстым.
- Ит ұнады ма?
- Иә. Атам маған осындай ит алып береді.
Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД бас маманы:
- Жалпы жаңа жылда адамдардың қай-қайсы болса да кез келген арман тілегін ойлап жатады, себебі осы жаңа жылдың өзінің бір сиқыры бар сияқты көрінеді. Балалар олардың өздерінің айтуынша, болашақта құтқарушы боламыз деген ой түйіп қайтты.