Ет жемейтін ұрпақ өсіп келеді

Ағылшын ғалымдары да ет өнімдері қоршаған ортаға зиян. Сондықтан ет жеуді азайту керек дейді.

Бір есептен жөн шығар. Бірақ қыста соғым соймаса, шеке беріп, қонағына табақ-табақ ет тартпаса отыра алмайтын қазаққа бұл қалай болар екен?

БЛИЦ:

- Етсіз болмайды ғой.

- Қазақ болғасын біздің генімізде бар ғой.

- Етсіз қалай?

- Етті жақсы көреміз.

- Ет жемесек жүре алмайтын қазақпыз ғой.

Қазақтың етсіз отырмайтынын Ұлттық статистика бюросы да растады. Биылғы 3-тоқсанда былтырғы кезеңмен салыстырғанда, әр адам, тіпті 1 кесек, яғни 1 келі артық жеген. Орта есеппен елдің әр тұрғыны айына 6 жарым келі ет тұтынады.

Сиыр еті – 2 кг

Қой еті – 500 гр

Жылқы еті – 500 грамға жетер жетпес

Тауық еті – 400 гр

Бірақ шамадан тыс тамақтану зиян дейді мамандар. Тіпті қызылсырап бар жатсаңыз жылқы етін жеңіз.

Алтынай Қасымханова, нутрициолог:

- Егер аптасына 500 грамнан асып кетсе, рак, асқазан, ішек жолдары ауруы пайда болады. Сондықтан аптасына 500 грамм күніне 70 грамнан деп бөлеміз. Жылқы еті мен сиыр етін салыстыратын болсақ, жылқы етінің диеталық қасиеті бар. Себебі жылқы қозғалады, май мөлшері аз болады. Сондықтан жылқы етін тұтынуға кеңес береміз.

Қазақ баласы кемі 6 мың жыл бойына жылқы етін жеп келеді. Жемесе түсіне кіретіні рас. Сондықтан рациондағы ет өнімдерін шектеу әзірге оңайға түспес. Бірақ бұдан кейінгі ұрпақ ет жей ме, жемей ме – ол жағы беймәлім.

Серік Ерғали, мәдениеттанушы:

- Ол біздің әрбір жасушамызға сіңіп қалды, сондықтан жылқының етін аңсайды. Сондықтан оған ешкім тыйым сала алмайды. Қазір эзотерикалық ғылымдар мен мамандар бар. Олардың айтуынша жаңа дәуір келе жатыр. Енді адамзат ет жеуден бас тартады дейді. Оны кезінде көре жатармыз. Бірақ қазіргі факт – жас ұрпақ ет жемейтін кезге келе жатыр. Олар эзотреика ғылымына сәйкес алтыншы саты ұрпақтары, олардың дене құрылымы, санасы басқаша. Оған дейін басқа қорек табылар. Алайда біз еттен бас тарта алмаймыз.

Иә, еттен бас тарта алмаймыз. 2023 жылдың 9 айында азық-түлік сатып алған жұрт ақшасының 17 пайызын ет пен ет өнімдеріне жұмсапты. Бұл орайда ет жеуден Жетісу, Атырау, Ақмола облыстары алда келеді. Ең азы – жылы өңір – Шымкент қаласында байқалған.

Мөлдір Молдағали, Мадияр «24.KZ»