Биыл өрт сөндіру қызметі үшін нәтижелі жыл болды
Биыл өрт сөндіру қызметі үшін де жемісті жыл болды.
Мәселен, 6 депоның су-құтқару станциясының және Аюсай бөгетінің құрылысы аяқталды. 250 арнайы техника, 2 тікұшақ және 70-тен астам ұшқышсыз апарат алынды.
Жаңа жылдың қызығы көп болғанымен қаупі де бар. Мерекеде әсіресе өрт сөндірушілер кірпік қақпайды. Өтіп бара жатқан жылда барлығы 10 мыңнан астам өрт оқиғасы тіркелген. Осындай қауіпті жағдайда 7 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Мұндайда өрт сөндіруші басын қатерге тігіп, өзі де өлім мен өмірдің арасында арпалысады.
Артур Платонов, өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі:
- Осы өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеп жүргеніме 9 жыл болды. 9 жылда жыл сайын өрттер күшейіп жатыр. 31 күні Алла жазса күшейтілген режимде жұмыс істейміз. Жайшылық күні 2-3 машина жұмыс істесе, күшейтілген режимде 4-5 машина ходта болады.
Өрт сөндірушілер жаңа жылдық мереке кезінде жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді. Олар жаппай іс-шаралар мен отшашулар өтетін барлық орынды алдын ала тексереді. Сондай ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, от білінсе жедел әрекет етеді.
Берік Жолдасбеков, бөлімше командирі:
- Тұрғындарға айтарымыз өрт қауіпсіздігін сақтау керек. От шашуларды ашық жерде пайдаланса дейміз. Кейбіреулер болады балконнан шығып атып жататын, машиналардың жанында атып жатады, болмайды машиналарға түскеннен кейін білесіздер. Біреудің балконына түсіп кетеді, біреудің балконы ашық тұрады деген сияқты. Соны ашық алаңдарда қолданса өте дұрыс болар еді.
Биылғы жыл сала мамандары үшін оңайға соққан жек. Бірақ та өзіндік жаңашылдықтары бар. Яғни мемлекет басшысының қолдауымен 6 өрт сөндіру депосының су құтқару станциясы және Аюсай бөгетінің құрылыстары аяқталды. 250 ден астам өрт сөндіру және арнайы техника, 2 мыңға жуық түрлі құтқару жабдықтары, 2 тікұшақ және 70 тен астам пилотсыз ұшу апараттары алынды.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Министрліктің алдында ықтимал төтенше жағдайларға тиімді ден қою мақсатында шешуді талап ететін көптеген індеттер тұр. Өз кезегінде ТЖМ қойылған міндеттерді орындауға дайын және бүкіл азаматтық қоғам үшін ашық екенін білдіргім келеді.
Әлішер Әли, тілші:
- Қазіргі танда ТЖМ 27 мыннан астам қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ 3200 құтқару және өрт сөндіру техникасы бар. Әрине өрт сөндіру өрт сөндірушісінің міндеті. Десек те әр адам өрт сөндіру қағидаларын білгені абзал.