Әскерилеріміз түріктің дронын сынақтан өткізді
Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркіне жаңа дрондар алынды.
Тараздағы әскери бөлімде өткен жаттығулар кезінде Anka-S ұшқышсыз ұшу аппараты сыналды. Түркиялық мамандар әскерилерге жаңа техниканың мүмкіндіктерін таныстырып, басқаруды үйретуге кірісті.
Anka-S ауқымды дроны Тараздағы әскери бөлімде сынақтан өтіп жатыр. Қорғаныс саласының мамандары әуе аппаратын қолдану қолдан келетін іс екенін дәлелдеді. Сынқатар сәтті өтті. Сөйтіп, әуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркі су жаңа дрондармен толықты.
Шохан Мұсабеков, ҰҰА жауынгерлік дайындық және жауынгерлік қолдану оқу орталығының бастығы:
- Біздің әскери бөлімімізге авияциялық техника келіп түсті. Ол авияциялық техника жеке құрамның атына бекітілді. Жеке құрамның кәсіптігі білімдігі, халық алдында қойған тапсырмасын толықтай орындайтынына сенімдімін.
Ұшу құрылғысының ұзындығы қанатымен қосқанда 18 метр. Жүктемеге байланысты ұшу жылдамдығы сағатына 270 шақырымға дейін жетеді. 10 шақырым биіктікке көтеріліп, әуеде 27 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады.
Мадияр Мәжікеев, 14157 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының борт командирі:
- Бізде енді «Win long» ұшқышсыз ұшу аппаратында тәжірибеміз болғандықтан және де Түркия елінен келген нұсқаушыларында өте мол тәжірибе болғандықтан оқу жаттығу бізге оңай жүріп жатыр. Келешекте Anka-S ұшу аппаратын меңгеріп, өзіміздің жұмысымыздың жақсы маманы болатынымызға сенемін.
Жергілікті әскерилерді жауынгерлік даярлыққа түрік аэроғарыш өнеркәсібінің мамандары үйретіп жатыр. Ал өндіруші компания 2 жыл бойы сервистік қызмет көрсетеді.
Мерей Бает, Елдар Байділдә