Алқабилер қарайтын іс көбейді

Елде алқабилер қатысатын сотқа қатысты заң нормасы күшіне енді, деп хабарлайды 24KZ.

Мұндай істердің саны 43-ке жеткен. Оған сай алқабилер азаптауды, рейдерлікті, медициналық немқұрайлылықты, браконьерлікті және адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғаларын да қарауға құқылы. Жоғарғы Сотта норманың сот жұмысын жетілдіруге, халықтың сенімін арттыруға, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру рәсіміне азаматтық қоғамның қатысуын жандандыруға, құқықтық сананы арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.