Зорлық-зомбылық жасағандарға жаза күшейтіледі
Қатыгез ер азаматтарға жаза күшейетіледі. Қазір Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы жаңа заң жобасын әзірлеуде.
Бұл туралы мемлекет басшысы Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда белең алған жағдайға қатысты пікірін білдірді.
Айтуынша, алда кез келген озбырлық оқиғаларына қатысты азматтардың пікірі, белсенділердің бейресми петициясы ескерусіз қалмайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мен елімізде «заң мен тәртіп» қағидатының орныға түскенін қалаймын. Сондықтан нақты жауап берейін, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын. Сіз айтқан петиция заң талабына сай келсе де, келмесе де, азаматтардың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Оған күмән болмасын.