Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшейеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында осы мәселеге де бөлек тоқталды.
Мемлекет басшысының айтуынша, озбырлықтың кез келген түріне қатысты қоғам пікірі міндетті түрде ескерілуге тиіс. Президенттің бұл пайымын қоғам бірауыздан қолдап отыр.
Гүлбақша Мұсабаева, облыстық Әйелдер күштері альянсының төрағасы:
- Президент дұрыс ойын ортаға салып жатыр. Зорлық-зомбылық жағдайларда әйелге қарсы қылмыс жасалғанда заңды күшейту деген. Қазір заман өзгерді. Әйелдің құқықтық мәртебесі де өзгерді. Сондықтан осы жағдайда заңның күшейгені дұрыс.