Мемқызметші мен мердігер мекеме өкілі 250 млн теңгеден аса қаржы жымқырған
Талдықорғанда әкімдік қызметкері мен мердігер мекеме өкілі 250 млн теңгеден аса қаржы жымқырған.
Күдіктілердің қылмыстық әрекетін прокурорлар анықтады. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше құрылыс бөлімінің маманы мен компания қызметкері алдын-ала сөз байласып, жалған акті әзірлеген. Осылайша құжатта жұмыс атқарылды деп көрсеткен. Көп қабатты екі үйдің құрылысына қатысты арнайы сараптама тағайындалып, кінәлілерге сот шешімі шығарылды.
Ләйлім Әбілмәжінова, Жетісу облысы прокурорының көмекшісі:
- Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкер ҚР қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.