СҚО-ның аудан орталықтарында жылу қазандықтары жөнделді
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталықтарындағы жылыту қазандығын жөндеуге 760 млн теңге бөлінді.
Тозығы жеткен қондырғылар ауыстырылып, құбырлар жаңғыртылды. Шағын елді мекендердегі жылыту маусымының барысымен Парламент Сенатының депутаттары танысып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.
Бұл Мамлютка қаласындағы қазақ мектеп – интернаты. Қазір мұнда жергілікті балаларды айтпағанда ауылдардан келіп білім алатын 50 оқушы тұрады. Оқу ордасы бұған дейін көмірмен жылытылатын. Ал биыл орталық қазандыққа қосылды.
Ақық Қаражұманова, мектеп – интернат директорының орынбасары:
- Мектебіміз өте жылы, жайлы. Бізде енді интернат болғаннан кейін мектеп ғимараты да, интернат жақ ғимараты да барлығы жылы. Көңілімізден шығады.
Орталық қазандық 2016 жылы салынған. Бірақ былтыр ғана сенімді басқаруға беріліп іске қосылды. Парламент Сенатының депуттары осы нысан жұмысымен танысты. Олар бұған дейін жергілікті халық көтерген су мәселесін шешуге оң ықпал еткен болатын.
Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мамлюттің тұрғындары ауыз су мәселесін көп көтерген болатын. Сондықтан да өткен жылы біз бюджеттен 2024 – 26 жылдың бюджеті қарастырылған кезде осы елдімекендегі 3 кезек бар екен, соның 2, 3 - інші кезеңіне қаржы бөлу мәселесін көтеріп, сол мәселені нақты шешкен болатынбыз.
Мамлютка қаласында 6 мыңға жуық адам тұрады. Орталық қазандықа жер үйлерді де қосуға болады.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Биыл Мамлютка қаласын орталықтандырылған жылыту жүйесімен қамтудың үшінші кезеңі жүзеге асырылады. Ол бойынша аудан орталығында жаңа желі салынады деп жоспарланып отыр. Жоба құны 165 млн теңге. Бұл 12 екі қабатты тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысанды қосуға мүмкіндік береді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов