Депутаттар ауылшаруашылық жерлерінің жай-күйіне үңілді
Павлодар облысына барған парламент депутаттары өңірдегі ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйіне үңілді.
Бүгінде көптеген егістік алқаптарын сор басып кеткен. Сондықтан шаруалар өнімділігі жоғары бір ғана дақылды егумен шектеледі. Ал жер өңдеу жұмыстарына жеткілікті көңіл бөлінбейді. Бұрын осы салада еңбек еткен зейнеткерлер топырақ құрамындағы тұздың мөлшерін азайту үшін бұршақ тұқымдас дақылдар мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің көлемін арттыруды ұсынды. Депутаттар фермерлік базар жұмысымен де танысты. Тауар өндірушілер мұнда өз өнімдерін делсалсыз сатып жатыр.
Ернұр Әйткенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Көп маңызды мәселе бар. Осы үкімет тарапынан мемлекет тарапынан қандай қолдау керек дәл бүгінгі күні. Сол бүгін сұрақтар түгелі көтерілді. Соның барлығын біз жазып алдық, солармен ақылдастық. Енді ары қарай өз жұмыстарымызда бүгін талқыланған мәселелерді көтеріп, заңға өзгерістер кіргізіп, ары қарай жұмыс жасаймыз.