Тараздағы мектеп құрылысы қашан аяқталады?

Таразда былтыр тамызда пайдалануға берілуі тиіс мектеп құрылысы әлі бітпеген.

Салдарынан Казарма, Химиктер алабының 180 оқушысы Құмшағал ауданына қатынап оқуға мәжбір. Құрылыс басқармасы басшысының мәліметінше, жұмысты кешіктірген мердігерге бірнеше рет айыппұл салынған. Білім ошағына қатысты түйткілмен Сенат депутаты Бекболат Орынбеков танысты. Жауаптылар 1 апта ішінде мәселені шешуге уәде берді.

Депутат мұнан соң орталық қазандық жұмысымен танысты. Бүгінде Тараз қаласында 15-16-шағын ауданның құрылысы жүріп, шаһар аумағы кеңейіп келеді. Тиісінше бұл аумақтарға жылу жеткізу – кезек күттірмейтін мәселе. Қала билігі шағын аудан аумағынан қосалқы сорғы станциясын салып жатыр. 

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Тараз Энерго Орталық. Сол енді қайтып өзіміздің коммуналдық меншікке келіп қайтып келді. Бірақ бір көзден сатып алу тәсілінен қалып отыр. Сол себептен заңға өзгеріс енгізу қажет болып отыр. РК-4 қазандығының кеңейту жұмыстарын шешімін табу қажет. Оған қосымша 100Гигакалория салынатын Кдвм деген қазандық бар, сол жұмыстарды шешу үшін бүгінгі таңда ЖСҚ-на корректировка жасалып, ұсынылатын болады.