Жетісуда таза қанды Жабы жылқысы өсіріле бастады
Жетісу облысында таза қанды Жабы жылқысы өсіріле бастады.
Қазақтың асыл тұқымды жануарын Талап Нығметбек есімді шаруа көбейтіп отыр.
Мына құла ақтоғайдан келген. Биылдан бастап көктемге қостық. Міне мынау жабы жылқысы.
Төрт түліктің төресін асылдандыруды Талап Нығметбекұлы алты жыл бұрын бастады. Сол кезде ол еліміздің әр аймағынан таза қанды Жабы жылқысын әкелген. Оларды үйірге салып, ғалымдармен бірлесе селекциялық жұмыстарды да жүргізіп отыр.
Талап Нығметбекұлы, шаруашылық жетекшісі:
- Бақтыбаев Ғабиден деген доктор наук, академик сол кісі көп жұмыс істеді. Жылқының сапасын көтеріп жатыр. Ғылыммен айналысқан өте пайдалы. Жақсы мал болатын болса төлдегенде де жақсы төлдейді. Жетпіс пайыз төлдеген мал сексен тоқсан пайызға дейін төлдейді. Жем - шөпке эконом.
Таңдаудың Жабыға түсуі тегін емес. Өзге жылқыларға қарағанда ол күй талғамайды. Қыс бойы тебіндеп жайылып шығады. Аязға да шыдамды. Асыл тұқымды жануардың төзімділігін жылқышылар да байқаған.
Азамат Исабаев, жылқышы:
- Жеңілдігі көп болып тұр. Осыдан үш төрт жыл бұрын қора малға толып кететін. Арық жайыла алмайды. Көтерем. Былтырдан бері Аллаға шүкір қорада мал жоқ. Осындай айғырларымыз мінетін аттарымызды ұстаймыз. Жылқының да күйі жақсы. Қысқа қалай кіреді солай шығады ғой.
Шаруа тағы бір таза қанды дөнен әкелді. Көктем шыға оны байталдарға қосып жеке үйір етіп шығарады.
Талап Нығметбекұлы, шаруашылық жетекшісі:
- Мақсатымыз бізде ғана болсын деп жатқан жоқпыз. Бүкіл халық алса, ел алса, Ақсу ауданы алатын болса, ол да сапалы жылқымен айналысып елге де пайдамыз тиеді. Сапалы, жақсы мал болады.
Ғазиз Есжанов, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары:
- Бізде 2023 жылы үш шаруа қожалығы асыл тұқымды статусы бар. енді біз 2024 жылға жоспарлап отырмыз. 4 шаруа қожалығы. Сонда барлығы аудан бойынша жиырма пайызға жуықтайды. Асыл тұқымды мал саны.
Талап Нығметбекұлы асыл тұқымды жылқы шаруашылығы статусын алып, бие санын бес жүзге жеткізбек. Содан кейін қазақтың ақбас сиырларымен қолдағы ірі қараны асылдандыруды жоспарлап отыр.
Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов