Ит құтырса, иесін қабады

«Ит – жеті қазынаның бірі, немесе «итті тепкен ырысты тебеді» деп жатамыз да, «Иттің ішіне сары май жақпайды» деп тағы жерінеміз.

Қазір осы иесіз ит-мысық мәселесі ұшынып тұр. Адам қауып, жарақаттап жатқан ит көп. Енді бұған қандай айла қылмақ керек? Бұған заң не дейді екен?

Жалпы осы иесіз ит пен мысыққа байланысты заң қабылдаудағы негізгі мақсат қандай еді?

Иесіз иттерді аулауға жергілікті бюджеттер ақша бөледі. Біреу аз, біреу көп дегендей. Ит аулайтындар бөлінетін ақша ештеңеге жетпейді деген сыңайда әңгіме айтады. 

Кейбір ит аулаушылар адамды көбінесе қабатын дала кезіп жүрген иесіз ит емес, үйде байлаулы тұрып, босап кеткен иттер дегенді көп айтады. Біз осы жазықсыз иттерді аулап жүрген жоқпыз ба?

Ит-мысықты  чиптеу 1-ші қыркүйектен басталды. Арнайы база құрылады ма?  Иесін де анықтап, жауапқа тартуға болатын еді.

Ит мәселесіне келгенде, қоғамның пікірі екіұдай. Бір жақ иттерді қорғайды. Бір бөлігі: «Аулау, тіпті ату керек», - дейді. Енді бұған заң не дейді? Иесіз ит-мысық мәселесін қалай шешеміз?

Осы және өзге де сауалдарға студия қонағы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев жауап берді.