Астанада заңсыз тұрғын үй салған 7 адам ұсталды
Елордада 10 көппәтерлі тұрғын үй кешені заңсыз салынған.
7 адамға, оның ішінде 3 құрылыс компаниясының басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Фигуранттардың бірі Мәскеуде ұсталды. Оның келтірген шығыны 5 млрд теңгеден асуы мүмкін.
Қазір Прокуратура құрылыс компанияларына қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қатысы бар барлық адам мен олардың мүлкі анықталады.