Алматы облысында онлайн-казиноға қатысты тергеу жүріп жатыр
Алматы облысында «1WIN» онлайн-казиносына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Нысан Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында заңсыз жұмыс істеген. Қаржы мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, онлайн-платформа ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсетіпті. Ал қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған. Салдарынан кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға еш кедергісіз қатысқан.
Былтыр ғана онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңгені құрады.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Тергеу жалғасып жатыр, онлайн-казино сайты бұғатталды, 4 ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертеді. Сондай-ақ Агенттіктің «АФМ Insider» телеграм-ботына экономикалық құқықбұзушылық фактілері туралы хабарлауыңызға болатынын естеріңізге саламыз.