Маңғыстау облысында алаяқтар ₸112 млн-ды қолды қылды
Маңғыстау облысында алаяқтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24KZ.
Олар еліміздің әр өңіріндегі тұрғындарды мұнай компаниясына жұмысқа орналастыруға уәде берген. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді төмен бағамен сатып алу, сату қызметтерін ұсынған. Облыстық полиция басқармасына әр өңірдегі азаматтардан 20 арыз түскен. Шығын көлемі – шамамен 112 млн теңге. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орнына тінту жүргізіліп, заттай айғақтар тәркіленді.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы:
- Қазіргі уақытта топтың 3 мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталып отыр.