Балалардың қауіпсіздігі мәселесі өзекті

Балалардың қауіпсіздігі, әсіресе санаға зиян келтіретін ақпараттан қорғау, денінің саулығы, өлім-жітімді болдырмау, менталдық күйзелістен сақтау, буллинг пен зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері өзекті.

Бұл – елдегі барлық институттар тарапынан күш-жігерді біріктіру қажет ететін ауқымды шаруа. Жалғыздың үні шықпас. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор, ата-аналар мен балалардың өздері осы ортақ іске атсалысуы тиіс. Қоғам болып күш біріктіру – кезек күттірмес міндет. Қиын жағдайға тап болған отбасыларды уақытылы анықтау және оларға қол ұшын берудің маңызы күн санап артып келеді. Балаға қорған болайық!

Спикерлер:

Жолдас Батырхан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;

Ержан Жақсылықов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.