10 облыста жол қозғалысы шектелді
10 облыста республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды 24KZ.
Атап айтқанда Абай, Ақмола, Батыс пен Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданды. Барлығы 31 учаскеде жолдар жабылды. Қазір республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 700-ден астам техника мен 1,5 мыңдай жол қызметкері жұмылдырылды.