Бизнесті қолдау – дамудың кепілі

Кәсіпкерлерді қолдау – отандық экономиканы дамыту тетігі.

Нарықта мол тәжірибесі бар немесе ісін енді бастап жатқан бизнес өкілдері қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына түрлі сұрақтар бойынша шағымдана алады. Көмек сұрайды, қолдау көреді.

Былтыр кәсіпкерлер палатасына 2982 шағым түскен. Оның мың жарымға жуығы оң шешімін тапқан. Нәтижесінде 125 млрд теңге кәсіпкер иелігінде қалды.

Салық органдарының соттарға талап-арыздары жиіліген. Бұл әсіресе «мәмлелерді жарамсыз деп тануға» қатысты. Бұл да кәсіпкерлерге қолбайлау болып отыр. Жоғарғы соттың мәліметінше, 2021-2022 жылдары осындай талап-арыздардың саны 3 есе өскен.

Сот шешімдерінің әділетсіз болуы, көптеген кәсіпкердің сағын сындырады. Құқық қорғау органдарының қысымы да кәсіп иелерінің алаңсыз жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Салықтық жауапкершілікті де естен шығармау керек. Атамекен Ұлттық палатасына түсіп жатқан шағымның көбі осыларға қатысты.

Айта кетейін, қазір елімізде 2 млн  200 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 2 млн 35 мыңы ел аумағында тұрақты жұмыс істейді.

"АТАМЕКЕН" ҰКП-на:

2 982 шағым түскен

1 493 оң шешімін тапқан

Шағымдарға не себеп?

Сот шешімдерінің әділетсіз болуы;

Құқық қорғау органдарының қысымы;

Салықтық жауапкершілік.

Елде: 2 222 306 ШОБ тіркелген, 2 035 147 тұрақты жұмыс істейді.