Шығыз Қазақстан облысында білікті маман тапшы
Қазірдің өзінде энергетика, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында үш жарым мыңнан астам бос орын бар.
Сондықтан, жергілікті университеттер мен колледждер дуальды оқыту жүйесіне басымдық бере бастады. Өңірдегі 247 кәсіпорын қысқа мерзімде мамандар дайындау бойынша оқу орындарымен шарт жасаған. Орта білікті мамандар тапшылығы еліміздің оңтүстік өңірлерінде де сезіледі. Мысалы, Қызылорда облысында бос жұмыс орындары 4 мыңнан асады. Ал, Қарағанды, Ақмола облыстарында керісінше, жұмыс күшіне деген сұраныс 40 процентке азайған.
Сауле Рахметуллина, техника ғылымдарының кандидаты:
- Оңтүстік аймақтармен жұмыс жасаймыз. Сондағы балаларды өзімізге тартып, техникалық білім береміз. Қазіргі таңда білесіздер техникалық мамандықтар бойынша өте көп гранд бөлінеді. Барлық грандтың 60 пайызы сол техникалық мамандықтарға бөлінеді. Және біз осы Шығысқа тарту жұмыстарын ірі кәсіпорындармен бірге жүргіземіз. Өйткені, Оңтүстіктің балалары көру керек, қай университетке түседі, қандай білім алады және қандай ірі кәсіпорындарға жұмыс жасай алады.