Қонаев қаласында Д. Қонаевтың туған күніне орай мәдени іс-шара өтті
Қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері Димаш Ахметұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ел үшін еткен еңбегі жайлы естеліктер айтты. Қазақстан картасындағы Торғай, Жезқазған, Маңғыстау, Талдықорған сияқты облыстардың ашылуына себепкер екенін атап өтті. Бұрынғы Қапшағай қазіргі Қонаев қаласы да Дінмұхамед Ахметұлының бастамасымен құрылған. Қалалық орталық кітапхана мұрағатында сақталған құнды фотоқұжаттар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Аманкелді Беспаев, қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
- Биыл екінші жыл болады біздің қаламызға Қонаев аты берілгеніне. Жалпы Алматы облысында, Алматы қаласында үлкен құрылыстар болады. Үлкен зауыттыр болады. Жұмыс орны болады. Бүкіл халыққа жақсылық болады. Еліміз аман болсын.Аспанымыз ашық болсын.