Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында 8 отбасы баспаналы болды
Ал Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында 8 отбасы қоныс тойын тойлады.
Былтыр тамыз айында төтенше жағда салдарынан 2 қабатты, сегіз пәтерлі үй өртеніп, тұрғындар далада қалған еді. Олар туыстарын паналап, жалдамалы үйлерде тұруға мәжбүр болған. Баспанаға мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында бюджеттен қаржы бөлінді. Нәтижесінде пәтер кілттері мен құжаттары табысталды. Тұрғындар көптен күткен пәтерлерін өздері қалаған үйден сатып алды.
Күләш Күрімбаева, Заречный ауылының тұрғыны:
- Квартирада тұрдық 5 ай көлемінде. Өте қиын болды. Жартылай акимат төледі. Жартылай өзіміз төледік. Енді Алланың қалауымен бірінші. Одан кейін елдің батасымен ауыл адамдарының. Бұйырып осындай. Үйлі болып отырмыз.
Нұрлан Құматаев, қала әкімі:
- Комиссия өз шешіміне келді. Келгеннен кейін өзіміздің облыстық әкімшіліктің қолдауымен қаражат бөлініп. Қонаев қаласының өзінің қаражаты бөлініп. Жалпы осы 8 пәтерге бөлінген 108 млн.теңге болатын тұғын.