Теріскейге көшетіндерге қолдау зор
Спикерлер:
Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Дастан Айтқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің басқарма басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде қоныс аудару бағдарламасы аясында азаматтар өзі тұратын өңірдің ішінде қоныс аудара алады және басқа облыстарға көшіп бара алады. Ол үшін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба жүзеге асып жатыр. Өзге облысқа көшкіңіз келсе, үйде жатып-ақ кеңес алуыңызға болады. Ол үшін электронды еңбек биржасының ресми сайтына кірсеңіз болды. Сайтта қоныс аудару мәселелері бойынша кеңес алып, өтініш қалдыруға мүмкіндік бар.