Ақтөбеде құрылыс компаниялары ₸37 млн айыппұл арқалады
Былтыр ақтөбелік жауапсыз құрылыс компаниялары 37 миллион теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды 24KZ.
Кемшіліктердің дені үйлер мен жолдар салуда жіберілген. Компаниялар жобалық-сметалық құжаттан ауытқып, жұмыс барысында туындаған өзгерістерді тиісті мекемелерге ескертпеген. Сонымен қатар құрылыс сапасына қатысты шағымдар да жоқ емес. Жалпы былтыр 54 құрылыс компаниясы, мердігерлер мен бірнеше техникалық бақылау ұйымы әкімшілік жауапқа тартылды.
Аслан Байдәулетов, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
- Объектілерде көбінесе жобадан ауытқу, жобалық-сметалық құжаттама бойынша 5 қабатты үй болатын болса, 6 қабатты үйлер салынып қойғандар болды, мысалы. Госэкспертизадан өту керек. Ол бойынша біздің басқармаға сондай нысандарға тексеріс жүргізіліп, ұсыным берілді.