Атырау облысында құрылысы бітпеген нысандар көп
Атырау облысындағы құрылысы аяқсыз қалған нысандарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тексеруге кірісті, деп хабарлайды 24KZ.
Мысалы, Махамбет ауданындағы Сарытоғай мәдениет үйі 2017 жылы салына бастаған, бірақ әлі күнге пайдалануға берілмеді. Құрылысқа бюджеттен 260 млн теңге бөлініпті. Бірақ кінәлілер айыппұлмен құтылған. Енді әкімдік басқа мердігермен келісімшарт жасапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қызылқоға ауданында бой көтерген мәдениет үйі мен Исатай, Мақат аудандарындағы 60 пәтерлі тұрғын үйді де бақылауға алған. Индер ауданы мен Талғайраң ауылындағы тұрғын үй құрылысы да назарда. Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы өрт сөндіру депосы да тексеріледі.
Нұрлан Жахин, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
- Мәдениет үйінің құрылысы қазіргі уақытта бақылауға алынды. Енді бюджет қаражаттары бөлініп жатыр. Сондықтан жемқорлыққа қарсы қызметі өз тарапынан бюджет қаражатының тиімді игерілуіне және сапалы құрылыстың салынуына назар аударатын болады. Бізде 8 объект бар. Біреуі – осы.