Дәстүр сабақтастығы. LIVE
Психологиялық күйзеліс жұртымызға тән дүние ме?
Байырғы қазақ туыстық қарым-қатынасты бекем ұстанатын. Соның арқасында сырымен бөлісіп, мұңын шағып, ағайынның қолдауының арқасында жүйке күйзелісінің алдын алуға болатын еді.
Қазір осы дәстүр сабақтастығы сақталған ба? «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Жүгінісованы сөзге тартамыз.
- Бүгінде психолог- психотерапевтерге жүгіну әдетке айналып бара жатқандай. Қалай ойлайсыз қит етсе, психолог мамандарына жүгіну қаншалықты дұрыс?
- Туыстық қарым-қатынастың адам өміріндегі орны қандай? Дәстүр сабақтастығын жалғастырсақ, қыздарға жеңге, ұлдарға жезде сырлас болса, жүйкесі жұқарған жастар азаяр ма еді? Мүмкін осы жүйе дұрыс жұмыс істесе, психологқа зәру болмас па едік?
- Жеткіншектердің жүйке жүйесінің сыр беруіне түрлі себеп болуы мүмкін дейді, психологтар. Оның ішінде үй-ішінің жағдайы, ата-анасының өзара қарым-қатынасы басты фактор саналады. Сондықтан ата-ананың не нәрсені қаперде ұстағаны жөн?