Қызылша жұқтырған ақтөбелік 5 бүлдіршіннің халі ауыр
Дәрігерлер балаларды аурухананың жансақтау бөліміне жатқызған, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы қазір өңірдегі медицина мекемелерінде 135 адам ем алып жатыр. Олардың 70%-і – кәмелет жасына жетпеген балалар. Ересектердің дені сырқаты бар жанмен етене араласып, ауруға шалдыққан. Сондықтан мамандар дер кезінде екпе алу керектігін айтып дабыл қағып жатыр.
Қазір облыста 50 мың дана вакцина бар. Кез келген емханада тегін екпе жасатуға болады.
Бақытжан Түлкібаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Стационарға түсетін науқастардың барлығы – ол жалпы орташа және ауыр халде түсетіндер. Оның басты себебі балалардың арасындағы профилактикалық екпені алмауынан. Емдеу іс шаралары диагностикалық хаттамаға байланысты толық көлемде диагностикалық және емдік шаралар жүргізіліп жатыр.