Қазақстандық православтар «Суға шомылу» рәсіміне дайындалып жатыр

Елдегі су қоймаларында ойықтар жасалды.

Діни мерекеге дайындық шараларын құтқарушылар мен дәрігерлер қатаң бақылайды. Ақ халаттылар жүрек-қан тамырлары және жұқпалы инфекциялық аурулары бар адамдарға шомылуға болмайтынын ескертеді. Суық суға түспес бұрын дәрігермен кеңескен абзал.

Жанна Нұрбергенқызы, Астана медицина университетінің ғылыми қызметкері:

- Ең бірінші ескеретін жайт суға шомылғысы келетін адамдарда ешқандай диагноз болмау керек. Яғни созылмалы, жұқпалы аурулары болатын болса, ондай адамдарға омылуға болмайды суық күнде. Әйел адамдарға, созылмалы аурулары болса, босанғаннан кейін мүлдем шомылуға болмайды суық күнде. Егер денсаулығы қалыпты жағдайда, ешқандай ақау болмаса суға түсе беруге болады.