Қостанай облысындағы шығармашылық үйі жаңа қонысқа көшті

Қостанай облысындағы Қарабалық аудандық балалар шығармашылық үйіне басыбайлы жеке ғимарат берілді.

Былтыр ол толық жөндеуден өтіп, қажетті құрал-сайман, керек-жарақтармен жабдықталды. Бүгінде мұнда он үйірме жұмыс істейді. Балалардың түрлі бағытта қабілет-қарымын ұштау үшін, кәсіби мамандар тартылған.

Қарабалықта он жыл бұрын құрылған балалар шығармашылық үйінің осыған дейін жеке үйі болған емес. Жиі орын ауыстырудың әуресін көп тартқан шағын ұжым: «енді түбегейлі шығармашылықтан айналысатын тұрақты мекеніміз бар», - деп қуанып отыр.

Сәуле Сәрсенова, балалар шығармашылық үйі директорының орынбасары:

- Бұған дейін біз мектеп базасында болатынбыз, оның алдында жеке меншік орындарда болдық. Осы жылдан бастап мінеки өзіміздің жеке шығармашылық үйіміз бар. Осы ғимаратты бергенге өте қуанышты болдық. біріншіден өзіміз, екіншіден ата-аналар. Өйткені өз үйіміз, өз үйіміз ғой.

Бұл шығармашылық үйіндегі театр үйірмесі. 20 шақты бала сахналық өнердің қыр-сырын үйреніп жүр.

Мейрамбек Аманкелді, театр үйірмесіне қатысушы:

- Театр бізге өз ойымызды еркін жеткізуге, Сахнада, өмірімізде өз ойымызды айқын айтуға үйретті.

Жалпы мұнда он үйірме жұмыс істейді. 150-ден астам ауыл баласы түрлі бағыттағы шығармашылықпен айналысады. Қазіргі заман сұранысына сай биыл ағылшыл тілі, робототехника және шахмат үйірмесі ашылған.

Зарина Мұстафина, шахмат үйірмесінің жетекшісі:

- Балалардың шахматқа деген қызығушылығы ерекше. Әр сабақтан қалмайды. Интернеттен өздері қарап, ойынның түрлі шешімдерін іздейді. Бұл баланың ақыл-ой өрісін дамытуға үлкен сеп.

Қарабалық ауданы бойынша 900-ден астам бала шығармашылықпен айналысады екен. Бұл мектеп жасындағы жеткіншектердің 30 проценті.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг