Маңғыстауда қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты тергеу аяқталды
Маңғыстау облысында «Капитал Мечты» қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру аяқталды.
Салымшылардан заңсыз ақша жинаған ұйым өкілдері уақытша қамауға алынған. Ал олардың келтірілген шығыны 1 млрд теңгеден асып жығылады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады.