Алматыда жер сілкінді. LIVE

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мамандарының айтуынша,  жерасты дүмпуі еліміздің бірқатар аймағында байқалған. 

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- Ия... бүгін түнгі сағат 00:09-де болған жер сілкінісі ұйқыға енді жатқан алматылықтарды әбігерге салды. Зілзаланың қуаты 5 балл болды. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мамандарының айтуынша жер сілкінісінің эпицентрі Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған. Жарты сағаттан кейін магитудасы 2 балл көлемінде тағы қайталанды. Мамандар мұны афтершок дейді. Қазіргі уақытқа дейін осындай 10-нан аса афтершок тіркелді. Біздің тұрғындар тек екеуін ғана байқады. Осы жағдайдан кейін қала әкімі Ерболат Досаев бірден Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп, іс-қимыл жоспарын талқылады.

Нұрлан Атығаев, қалалық ТЖД басшысы:

- Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Қазіргі уақытта Алматы қаласының тұрғындары сейсмикалық жағдай тұрақты. Қала әкімінің басшылығымен штаб ашылды. Қаланың барлық мектептер мен балабақшаларында халықты қабылдау пункті ашылды. Барлық сұрақтар бойынша 782083 және 782084 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Қабылдау пунктері туралы барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналасқан. Іздеу кезінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» деп терсеңіз, картадан халық жиналатын орындар көрсетіледі. Мұндай деректер төтенше жағдай департаменті мен аудандық әкімдіктердің ресми сайтында да бар. Оған қоса Дәрмен бағдардамасы арқылы жер сілкінісі туралы ақпарат берілді. Қаладағы медициналық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Десе де, үрейленген халықтың бірқатары қала сыртында жер үйде тұратын туған-туыстарына қарай ағылды. Қаланың кейбір көшелерінде кептеліс пайда болған. Төтенше жағдай депатраменті мен сейсмологиялық орталықтың мамандары тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырады. «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» ережесін есте ұстау керек екенін ескертті. Ол дегеніңіз, зілзала басылғанша көпқабатты үйден шықпау, баспалдақпен түспеу, құжттар мен жылы кимдерді алу сияқты талаптар. Қазір Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 жарым мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Оған қоса, жедел топтардың жұмысы  күшейтілді. Полиция  жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тек, ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуге кеңес береді. Қазір қаладағы барлық қызмет түрлері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.