Қауіп-қатер кезінде халыққа жылдам ақпарат берілуі тиіс
Ал сейсмикалық өңірлерде жаттығулар жиі өткізілуі керек.
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ахуал қаралды. Үкімет басшысы әкімдіктерге төтенше жағдайды жоюдағы іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды. Сондай-ақ, азаматтық қорғау күштері басшылары мен жауапты тұлғаларының басқару бекеттеріндегі кезекшілігін енгізу қажеттілігін атап өтті.
Төтенше Жағдайлар министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, жер сілкіністері ошақтары орналасқан көрші мемлекеттермен нақты өзара іс-қимыл жасау керек, — деп түйіндеді Премьер-Министр.