Байқоңырда балабақша ашылды

Байқоңыр қаласында Қазақстанның білім стандартымен жұмыс істейтін екі балабақша қолданысқа берілді.

Оның бірі 240 орынға, ал екіншісі 120 орынға лайықталған. Бұған дейін Ресей тарапында болған бұл нысандар Қазақстан балансына өтті. Ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізіліп, балалардың тиісті талапқа сай тәрбие, білім алуына жағдай жасалған. Айта кетейік қазір Байқоңыр қаласында 16 балабақша бар. Бүгінге дейін оның тек үшеуі ғана Қазақстанның білім стандартымен жұмыс істеді.

Айнұр Ажимова, балабақша меңгерушісі:

- Балалар толық, сұраныс өте көп, балабақша алдағы уақытта сол 240 орынға толтырамыз деп алдымызға мақсат қойып отырмыз.

Қайрат Нұртай, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары

Биыл да тағы бір балабақша жылдың ортасында алып, біздің ҚР стандартына сәйкес балаларға тәрбие беру бойынша мүмкіндік туады. Сөйтіп, кезектілікті жоямыз.