Маңғыстау облысының тұрғындары қаржы пирамидаларына ₸1 млрд құйған

1 млрд теңге. Соңғы екі жылда Маңғыстау облысының тұрғындары қаржы пирамидаларына осыншама қаржы құйған.

Ал алаяқтық әрекетті ұйымдастыру бойынша тоғыз қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер азаматтарды қытай медицинасына қаржы құюға үгіттеп, күнделікті 2%-ке дейін пайда түсетініне сендірген. Тағы біреулері әлеуметтік желі арқылы оңай ақша табуды үйретемін деп, адамдарды қомақты қаражат салуға шақырған.

Айта кетсек, 2023 жылы еліміздің қаржы мониторингі агенттігі «АФМ-Insider» атты телеграм ботын іске қосты. Оған тіркелген азамат өз қаржысын салғысы келетін компанияның заңды тіркеуде бар-жоғын тексере алады.

Шыңғыс Смағұл, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі:

- Тұтыну кооперативтері бізде танылған қаржы пирамидасы деп. Үкім шыққан. Мысалы, қазір екінші деңгейлі банктер 15-20 процентпен беріп жатса үй алуға, ал олар қаржы пирамидасын құрушылар одан төмен етіп көрсетіп, адамдарды өзіне баурап алады. 2023 жылы «Кибернадзор» жүйесі арқылы осындай күдік келтіретін, қаржы пирамидасының белгісі бар 4 мыңға жуық сайт бұғатталды. Сондай-ақ осы жүйе арқылы тағы осындай 52 мың парақшалар жабылған.