«Жарқын Болашақ» жобасымен Маңғыстау облысының 400-ден астам оқушысы білім алуда
Маңғыстау облысының 400-ден астам жоғары сынып оқушылары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тікелей қаржыландыратын «Жарқын Болашақ» жобасымен еліміздің жетекші колледждер мен мектептерінде білім алып жатыр.
Әйгерім Насируллаева бірінші курс студенті. Жаңаөзендік түлек «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Жарқын Болашақ» бағдарламасының арқасында IT мамандығын игеріп жатыр.
Әйгерім Насируллаева, студент:
- Информатика пәнінің мұғалімі болуға болады. Одан бөлек, осы IT пәнімен әскери оқуға да түсуге болады деп естідім. Мүмкін Өзен мұнайгазбен контракт бойынша жұмыс істеп те қалармын.
Биыл «Жарқын Болашақ» бағдарламасына Жаңаөзен қаласымен бірге, Маңғыстау облысының 4 ауданы қамтылды. ҚМГ грантының игерлері еліміздің 11 өңіріндегі ең үздік білім ордаларында білім алуда. Жобаның ұйымдастырушысы «ҚазМұнайГаз» компаниясы грант иегерлеріне бағдарлама аясында оқу ақысы, жатақхана ақысы, жол шығындары мен жоғарылатылған шәкіртақы және тамақтану шығындарын төлей отырып қаржылық қолдау көрсетеді. Көпбалалы отбасынан шыққан Ерасыл Бүркіт те бағдарлама игілігін көріп жатыр.
Ерасыл Бүркіт, студент:
- Маңғыстау облысынан шыққан 449 бала еліміздің 33 білім беру ұйымдарында техникалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды меңгеріп жатыр. Таңдау еркі де өздеріне берілген. Әлеуметтік жобаның іске асырылуы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың тікелей бақылауында.
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ержан Рахманбердиев