Алматы облысында жер сілкінісінен 44 нысанның бүлінгені анықталды
Жер сілкінісінен кейін Алматы облысында 44 нысанның бүлінгені белгілі болды.
Олар негізінен денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет үйлері сынды әлеуметтік маңызы бар нысандар. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдай қызметі мәлімдеді. Еңбекшіқазақ ауданындағы жеті мектептің қабырғасына сызат түсті. Сондай-ақ Кеген мен Ұйғыр аудандарында орналасқан емдеу мекемелерінде жарықшақ пайда болған. Облыстағы барлық ғимаратқа техникалық тексеріс жасау жұмысы жалғасады.
Ерсін Жағыпаров, облыстық ТЖД басқарма басшысы:
- Қазіргі таңда тексеру актілеріне сәйкес барлық нысандарда басшыларымен бірлесе отырып, орын алған оқиғаларға қатысты мәліметтің барлығы қосымша ұсынылатын болады. Облыс бойынша көпқабатты үйлерден ешқандай шағым түскен жоқ.