Вандализмге қарсы заң күшейтілуі мүмкін

Вандализмге қарсы заңды күшейту керек.

Өйткені қоршаған ортаны ластап, мемлекет меншігіндегі мүлікке қамқорлық танытпайтын қаскөйлер көбейген. Жұрттың затын зақымдап, ол әрекетін әлем желіде мақтана жариялайтындар да тыйылмай тұр. Тіпті бұл үрдіс бұзақылар арасында трендке айналғандай. Алайда тәртіпке бағынғысы келмейтіндерді тезге салатын сәт жақын секілді. Сенатор Геннадий Шиповских қоғамдық тәртіпсіздік үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Оның айтуынша, бұзақылықтың алдын алудың басты жолы – жастар арасындағы профилактиканы үдету.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл сала бойынша ІІМ ақсап жатқанын біз байқап жатырмыз, өкінішке қарай. Менің ойымша, дәл қазір ІІМ нақты құралдар бар. Дегенмен ІІМ өзін бұл сала бойынша дұрыс көрсете алмай жатыр. Ол бойынша да жақын арада Президент мырза да атап өтті. Сондықтан да ІІМ осы қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз жайттардың барлығын бақылауға алып, заңнамалық тұрғыдан осының барлығына шектеу қою керек.