Түркістан облысында қырыққабат егу науқаны басталды

Қыстың қақ ортасында түркістандық диқандар ерте пісетін қырыққабат дақылын егуді бастады.

Қазір Келес пен Мақтаарал аудандарының шаруалары қаңтардың әр күнін сәтті пайдалану үшін тынбай еңбек етуде. Мәселен Мақтааралдықтар бүгінге дейін 160 гектар алқапқа қырыққабат көшетін отырғызып үлгерген. «Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек», - дейді шаруалар. Қазір егіс алқаптарына 70-тен астам бригада мен 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Биыл аудан шаруалары 500 гектарға ерте пісетін көкөніс егуді жоспарлап отыр. Ал келестік диқандар қырыққабат егу науқанын Ақтөбе ауылдық округінен бастады. Қазір мұндағы 20 гектар аумаққа дақылдың ерте пісетін «Фараон» сорты егілуде. 2 айда пісетін қырыққабат өніміне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары.

Азат Шамшит, диқан:

- Біз мынау 5 гектар жерімізге қырыққабат көшетін егіп жатырмыз. 50 шақты адам салдық. Осы ауылдың тұрғындары бәрі. Оларға күніне 6 мың теңгеден төлейміз. Осының барлығы диқаншылықтың арқасы. Ерте көктем осыны егеміз, кейін күзде қызылша мен тағы да қырыққабат егеміз. 1 жылда 2 өнім аламыз.

Өмірсерік Алтынбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Қырыққабат егіс түрінің 1383 гектар жер жыртылып, дайындалды. Қазіргі таңда 180 гектарға егіс егілді. Бізідң ауданымызда 2-3 өнім алу жобасы іске асырылуда. Былтырғы жылы 1655 гектарға 320 шаруа қожалық ендірілген жоба бойынша. Қазіргі таңда брінші өнім егу жұмыстары басталып кетті.