Ақтөбеліктерді әбігерге салған жалған ақпарат авторы анықталды
Полицейлер «оқу ордаларында жаппай қырғын жасаймын»,- деп әлеуметтік желіде жазған тұлға 18 жастағы шет ел азаматы деген мәлімдеме жасады.
Кешелі бері өңірдегі мектептер мен өзге де білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген болатын. Соған қарамастан интернетте таралған жалған дерек ата-аналарды үрейлендірген. Себебі бүгін облыс орталығындағы оқушылардың тек 14 проценті ғана сабаққа қатысты.
Жұлдыз Шалабаева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
- Бірінші ауысым бойынша 57 924 оқушы сабаққа қатысу керек еді. Қазіргі таңда сабақта 8 558 оқушы қатысым жасап жатыр. Бұл барлық оқушылардың 14 пайызын құрайды. келген оқушыларға мектептің қабырғасында сабақ жүргізіліп жатыр. Келмеген оқушылармен өтіп кеткен тақырыптарды қосымша тағы да толықтыру жұмыстарын әр педагог өздері жұмыс істейтін болады.