«Майқайыңалтын» кенішіндегі тергеу жұмыстары аяқталды
Арнайы комиссия кәсіпорында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өндірістік бақылау
тиісті деңгейде болмады деген қорытындыға келді. Жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос жерлеріне талдау жасалмаған. Соның салдарынан тау массасы құлап, жазатайым оқиғаға әкеп соққан. Сонымен қатар арнайы комиссия апатқа жол берген жауапты тұлғаларды да анықтады. Қазір іс материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді. Естеріңізге сала кетсек, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кенішінде жер опырылып, автобус жардан құлап, екі адам мерт болды. Жоғалған тағы екі адамды іздестіру әлі жалғасып жатыр.
Данияр Андасов, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы
- Тергеу жұмысары нәтижесінде акт жасалып және кәсіпорынға 20 іс-шаралар жоспары берілді. Тергеу кезінде барлық керекті құжаттар алынды. Құжаттар қарастырылып, жобалар қарастырылып, жоба бойынша аталған кәсіпорында өзін өзі құлау тәсілі алынды. Осы тау-кен жұмыстарын жасау үшін бірақ комиссия тергеу нәтижесін жүргізген кезінде осы жұмыстарды бақылау кәсіпорынмен дұрыс жүргізілмегені анықталды.