Ұлттық бірегейлікті арттыру жолдары
«Ұлт құруға қатысты бірде-бір еңбек қазақ тіліне аударылмаған».
Сарапшылар осылай деп, Президенттің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатындағы бірегейлік жайлы өзекті мәселелерді талқылады. Нұрбек Матжанидің пікірінше, іргелі еңбектерді өз тілімізге аудару – ғылыми айналымға енгізу үшін өте маңызды. «Академиялық, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ көпшілікке арнап, ұлттың құрылу тарихы жайлы еңбектерді ана тілімізде шығару қажет. Бұл елдегі бірегейлікті одан әрі арттыруға сеп болар еді»,-дейді ол.
Талғат Қалиев, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры:
- Біздің ұлттық бірегейлік азаматтық қайтсе де жоғары тұр. Мысалы біз өзімізді бір таныстырғанда біз өзмізді құжатымыз арқылы таныстырамыз. Мысалы бірнәрсе сатып алып жатсаң дүкенде, біз ұлттық валютамен төлеп тұрамыз. Сондықтан біз күніне бірнеше рет біздің ұлттық бірегейлігімізді, азаматтық бірегейлігімізді оятып жүреміз.