«Майқайыңалтында» 26-шы күн іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Осы айдың басында, яғни 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасының аумағында жер астына түсіп кеткен автобус әлі іздестіріліп жатыр.
Бүгін құтқарушылардың жұмыс істеп жатқанына 26-шы күн. Кеше автобустың дөңгелегі табылған еді. Бұл туралы жағдайға байланысты құрылған арнайы штаб басшысы, облыс әкімі Асаин Байхановтың өзі хабарлаған. Кеше шұңқырды қазып жатқан экскаваторға көмекші тағы бір техника түсірілді. Ол техника ірі тастарды уатады.
Естеріңізге сала кетейік, құлаған автобуста құтқарушылар отырған еді. Бастапқыда 2 адамның сүйегі табылған. Ал автобус жүргізуші мен тағы бір құтқарушы әлі күнге, яғни бүгін 26-шы күн іздестіріліп жатыр.