Жезқазғанда құрылыс компаниясы үлескерлер қаржысын заңсыз тартқан

Жезқазғандағы құрылыс компаниясына 1 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.

Олар үй құрылысына үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып, қолданысқа берілгенде пәтерлер қымбаттайды деп салымшыларға жарнама таратқан. Заңбұзушылық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген мониторинг кезінде анықталды.

Қазір аймақта жекеменшік қаржыға салынуы тиіс 14 көпқабатты үй тіркелген. Дегенмен оларда үлескерлерден алдын-ала ақша жинауға рұқсат жоқ. Заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлескерлер қаржысын тарту үшін алдымен бірыңғай оператордың кепілдігі, екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы және үйдің іргетасы қалануы тиіс.

Талғат Әлменов, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- Сот процесінде жаңағы құрылыс салушы компания ұтылып қалса да, қазіргі таңда жарнамасын тоқтатқан жоқ. Негізінен егер де тоқтатпай жатса, тағы да өкілетті органдарға хат жазып, басқа да шаралар қолданатын боламыз.