Мүгедектігі бар азаматтарға жәрдемақы
Өткен жылы елімізде 600 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.
Бұл мақсатқа бюджеттен 57 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Ал қаңтар айынын бастап жәрдемақының барлық түрі өсті.
Соның ішінде I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топтағы мүгедек жандар үшін - 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін ұлғайды. Ал III топ мүгедектігі бар азаматтар осыған дейін 48 681 теңге алса, енді оларға 52 089 теңге мемелкеттік жәрдемақы төленеді.
Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылғандар мен еңбек қабілетінен айырылғандарға берілетін төлемдер 7 пайызға өсті. Аталған төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде бар азаматтарға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша беріледі. Тағы бір жаңашылдық, денсаулыққа зиянды жұмыста еңбек ететіндерге биыл әлеуметтік төлем енгізілді. Оны кемінде 7 жыл зейнетақы жинағы аударылған, 55 жасқа толған азаматтар рәсімдей алады. Төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік қолдауға 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер, 2030 жылы – 58 мың, 2035 жылы – 95 мыңнан астам азамат үміткер бола алады. Осылайша, төлем алушылар саны жыл сайын көбейіп отырады. 2024 жылы арнаулы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері жалпы алғанда 208 мың теңгеден асады.