«Хабар» арнасында «Қарасу» телехикаясының тұсауы кесілді

Күшті мен әлсізді, жақсы мен жаманды қатар суреттейтін, шытырман оқиғаға толы жобаның алғашқы бөлімі көрермен назарына ұсынылды.

Бірінші серияда Айдар есімді жас адвокат әкесі Бектемірмен қайта табысады. Ауқатты ақсақал бар мүлкін жалғыз ұлына мұра етпек. Алайда, өзгенің байлығына көз алартқандар әке мен баланың тағдырын тас-талқан етуі мүмкін. Алматы облысында екі ай түсірілген телехикая отбасы тәрбиесі мен қоғамның тығыз байланысын көрсетеді. Драмалық хикаяда атыс-шабыс бар, махаббат та қамтылады. Екінші бөлімде оқиға қалай өрбиді? Оны бүгін 21:45-те Хабар телеарнасынан көре аласыздар. «Қарасу» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында көрсетіледі.

Мұрат Бидосов, режиссёр:

- Негізінде қоғам неден басталады. Отбасыдан. Бұрын енді сондай қағида болған. Отбасында қандай тәлім-тәрбие көрсең, қоғамда соны көрсетесің. Отбасының құндылығын көрсетуге тырыстық. Баршылықта да, таршылықта да адамның қасынан табылатын оның отбасы.