Ақпанда күн ат адым ұзарады

Қазақта «ақпанда күн ат адым ұзарады» деген сөз бар. Бұл – жылдың ең қысқа айы.

Кейде 28, кейде 29 күнмен аяқталады. «Ақпан» – қазақтың «ақ ықпа», яғни боран деген сөзінен шыққан деген сөз бар. Ежелгі түркілер бұл айды «кічік ай», хакастар бүгінге дейін «кічік қырлас ай» деп атайды. Осындай ескілікті дүниелерді зерттеп жүргендердің бірі мажарстан қазағы, этнолог Бабақұмар Хинаят.

Бабақұмар Хинаят, этнолог, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Осындай атаулардың мәнін ескі жазбалардан басқа халықтардағы параллельдерден іздейміз. Якут тілінде ахсуни тохсуни деген айдың аты бар. Олар 11-ші және 12-ші дейді. Ал бізде ол амал атына кіріп кеткен.

Есепшілер күн қайыруды Тоғыспен анықтаған. Ол Ай қозғалысын арқау еткен лунар күнтізбесі бойынша жүреді. Қазіргі қолданыстағы күнтізбеден 11-12 күнге қысқа. Сондықтан әр айда келетін амалдар «қыдырып» жыл сайын бір күндерге сәйкес келмей жатады.

Өмірзақ Мәуленбайұлы, жылқышы:

- Бұл ақпан деген әнеугүні 3 тің айында өтіп кеткен амал. Бұл қазақтар ақпан деп 3 тің айында кірген амалды айтады. Енді туатын айымыз бірдің айы. Бірдің айы бір ішек дейді. Мал тықырлап тұрады. Одан кейін туатын айды көкек дейді. Әр айды тоғауыспенен белгілейді. Бірдің айы 7 не тоғайды.

Ай тақ күнге тоғайды. Өткен қаңтар айы 11-не тоғайса, осы бірдің айы 7-не тоғайды. 8-не ауыл үй қонады дейді білетіндер. 

Бабақұмар Хинаят, этнолог, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Ақпан айының басында ең соңғы ненің ақыруы немесе ай мүйізді алты күн. Бір айдың аяқталып, екінші айдың басталуы. Өліара шаққа келетін осындай бір адамды шаруашылықты әбігерге салатын осындай бір амал. Басқа амалдар 5 күн өтсе, ақпан тоқпанның амалы 6 күн жалғасады.

Бұл ай – қыстың ең ауыр әрі қаһарлы кезі. Бет қаратпайтын аяз, үскірік, борандар болады. «Боз тоқтыда құйрық қалды, бойжеткенде бұғақ қалды, қырлан, ақпан, қырлан» деген сөздер де бар. 

Айжан Бейсенбаева, қазгидромет РМК-і жетекші инженері:

- Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында ҚР басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ақпан айының басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжануда. Тұрақсыз ауа райы тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен күтіледі.

Ақпан айы ақырып келгенімен, ел өзін көп ұзамай үт сәулесі еркелеп кіреді деп жұбатады. Көктеме қараөзек шақ дегенмен ұзынсары өтсе, Самарқанның көк тасы жібіп, жер аяғы кеңитін күн де алыс емес. 

Авторлары: Зарина Кәп, Досхан Қораз