Astana Hub – Қазақстан бренді
«Астана хаб» технопаркіне тіркелген компаниялардың жалпы табысы 1,7 млрд долларды құрады.
Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty» халықаралық цифрлық форумында айтылды. Сарапшылар Қазақстанның цифрлық экожүйесі - шағын бизнес пен стартаптар үшін мүмкіндіктер алаңына айналғанын алға тартты. Мәселен, «Астана хаб» - қазіргі уақытта Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық хабқа айналған. Бүгінгі таңда мұнда 1400 компания тіркелген. Тартылған инвестиция көлемі 600 млн долларға жетіп, 20 мыңға жуық жұмыс орны құрылған. «Өз кезегінде Астана Хаб – Қазақстанның цифрлық экожүйесінің брендіне айналып, бірегей жобаларды өміршең ететін орталық болды», - дейді мамандар.
Әлішер Шоманов, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық технологияларды дамыту басқармасының басшысы:
- Ең ірі ең үлкен стартаптардың технопаркі Астана хаб жұмыс істеуде. Сол Астана Хабтың ішінде бізде еркін экономикалық зона бар. Оның ішінде біз акселерациялық жобаларды жүгіземіз. Бұл бүкіл бизнеске стартаперлерге үлкен көмек. 2023 жылдың нәтижесі бойынша бізде экспорт 337 млн долларға жетті.