Өскеменде мектепке жаяу қатынайтын оқушылардың мәселесі шешілді
Қараңғыда орман арасымен мектепке жаяу қатынайтын оқушылардың мәселесі шешілді.
Ата-аналардың айтуынша, аялдамаға дейінгі екі шақырым жолда зорлық-зомбылық пен қаңғыбас иттерден қауіп төнген кездер жиі болған. Сондықтан Өскемен қаласының әкімдігі мен өңірлік білім басқармасына бірнеше рет көлік мәселесін шешіп беруді сұрапты. Дегенмен, мардымды жауап болмады, дейді. Алайда Аманат партиясы игі іс жасап, Коммунальник және Озеленитель саяжайларында тұратын балаларға мектепке таситын көлік сыйлады.
Махаббат Ахмадиева, тұрғын:
- Біз мектеп директорынан да, әкімдіктен де көмек сұрадық. Алайда ешкім ештеңе істеген жоқ. Иә, иә деп жауап болмады. Ал «AMANAT» партиясына осы мәселемен шыққанда, балаларға арналған автобусты осында жүргізіп, көлік берді. Осы үшін «AMANAT» партиясына рақмет.