Елімізде алғаш рет азаматтық авиация қызметкерлері күні атап өтілді
Елімізде алғаш рет азаматтық авиация қызметкерлері күні мерекеленді.
Салтанатты шарада еңбек ардагерлері мен азаматтық авиацияның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Қазір бұл салада 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Былтыр еліміздің әуежайлары 26 млн аса жолаушыға қызмет көрсеткен. 30-ға жуық мемлекетпен халықаралық әуе қатынасын орнатқан. Алдағы уақытта Куала-Лумпур, Токио, Сингапур, Шанхай, Нью-йорк қалаларына жаңа бағыттар пайда болады.
Талғат Ластаев, ҚР Көлік вице-министрі:
- Бүгінге дейін біз 13,3 млн жолаушы тасымалдадық. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 21 пайызға көп. Рекордтық көрсеткіш десек те болады. Азаматтық авиация халықаралық деңгейде қарқынды дамып келе жатқан сала. Былтыр отандық авиакомпаниялар 100-ге жуық әуе кемелерімен толықты. 2025 жылға дейін әлі де жаңа техникалар сатып алу жоспарда бар. Жаңа бағыттар ашылады. Ұшақтарда орын санының артуына байланысты билет құны да арзандайды.