Жамбыл облысында 500-ге жуық көлік жолда тұрып қалды
Жамбыл облысында қарлы боран Жуалы ауданындағы республикалық маңызы бар жолды жауып қалды, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір Тараз-Шымкент тасжолында көлік қозғалысы шектелді. Соның кесірінен Тараз маңында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды.
Мерей Бает, тілші:
- Иә, Тараздан Шымкентке апарар тасжол кешелі бері жабық болды. Десе де қазір жеңіл және жолаушылар көліктерін біртіндеп жіберіп жатыр. Десе де жүк көліктерінің басымына сол жолға шығуға әлі тыйым салынған. Біз қазір Айша бибі ауылы маңында тұрмыз. Полицейлер жолды жауып шектеу қойған. Мұнда қазір 500-ден аса көлік тұр.
Қолайсыз ауа райы әсіресе Жуалы, Қордай, Меркі ауданында сақталып отыр. Онда желдің екпіні секунтына 20 метрге жетті. Жолда қалған жолаушылар үшін облыс аумағында 4 жылыту пунктері ашылды. Облыстағы республикалық маңызы бар тасжолдарда тазалау үшін 62 техника мен 376 қызметкер жұмылдырылды. Сондықтан күрежолдар көп күттірмей күреліп, ашылады деген ойдамын. Айта кетейін, құтқарушылар кешелі бері жолда қалған 25 адамды құтқарды.